"Астананың" қос бірдей велошабандозы Түркияда жеңіс тұғырына көтерілді

305

Нидерландылық Ваут Пулс "Түркия Президенттік турының" бүгін, 30 сәуірде өткен "патшалық" таулы кезеңінде (4-кезең) тамаша жеңіске жетті. 

"Астананың" қос бірдей велошабандозы Түркияда жеңіс тұғырына көтерілді

Велошабандоздар Мармаристен Акыякқа дейінгі 115,4 шақырым жолды жүріп өтті. XDS-Astana командасының намысын қорғап жүрген Пулс бұл кезеңде ғана емес, жалпы есепте де көшбасшылықты өз қолына алды. Ол бұрынғы көшбасшы Тибор Дель Гроссоны артта қалдырды. 

Пулс мәреге командадағы әріптесі, колумбиялық Харольд Мартин Лопестен 19 секундқа бұрын келді. Үшінші орынды Picnic-PostNL командасынан Гильермо Жуан Мартинес иеленді.

Кезең жауын-шашынды ауа райында өтті. Бірнеше шабандоз сайыс барысында құлап қалды. Жеңіс үшін шешуші күрес Кыран асуындағы соңғы көтерілу кезінде өрбіді. Дәл осы жерде Пулс жоғары спорттық дайындық пен тактикалық сауаттылығын көрсетті. Бұл Пулс үшін 2025 жылғы маусымдағы және XDS-Astana сапындағы алғашқы жеңісі болды. 

Осылайша қазақ-қытай бірлескен команда үшін маусым сәтті басталды деуге болады. 

Алда велошабандоздарды тағы төрт кезең күтіп тұр. Олардың ішінде алтыншы, яғни Сельчуктағы таулы кезең де бар. Сол жерде Пулс пен оның командасы жалпы есептегі көшбасшылықты сақтап қалуға тырысады.

Мармарис — Акыяк. 115,4 шақырым

1. Ваут Пулс (Нидерланды, Астана) - 3:14:12
2. Мартин Лопес (Эквадор, Астана) - +0:19
3. Гильермо Жуан Мартинес (Колумбия, Picnic PostNL) - +0:22

30. Фаусто Маснада (Италия, Астана) - +6:00
33. Николя Винокуров (Қазақстан, Астана) — +7:09
98. Маттео Малучелли (Италия, Астана) - +26:39
111. Лев Гонов (Ресей, Астана) — +26:48
115. Густав Ванг (Дания, Астана)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу