Асу Алмабаев Дохада өткен UFC турнирінде жеңіске жетті

77

Асу өз дивизионында жеңістер саны бойынша көшбасшылар қатарына қосылды. 

Асу Алмабаев Дохада өткен UFC турнирінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев (23–3, UFC 6–1) Дохада өткен UFC Fight Night 265 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. Жеңіл салмақта бақ сынаған қазақстандық спортшы бұл жолы америкалық Алекс Переспен (25–10, UFC 7–6) кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Үш раундқа жоспарланған шайқастың шешуші бөлігі – соңғы бес минуттықтың басында аяқталды. Алмабаев өзіне тән жылдамдық пен дәлдікпен гильотина тәсілін қолданды. Бұл қадамнан құтылудың амалын таппаған Перес амалсыз берілді. Жекпе-жек кезінде Асуға қолдау көрсеткен бұрышта Шавкат Рахмоновтың (19–0) тұрғаны да жанкүйерлердің ерекше назарын аудартты.

2023 жылы UFC-дегі дебютінен бері Алмабаев өз дивизионында үздіктердің біріне айналды. Қазіргі кезеңде ол жеңістер саны бойынша көш басындағы спортшылар қатарынды. Бұл тізімді америкалық Джошуа Ван көш бастап тұр. Оның еншісінде сегіз жеңіс бар. Алмабаев пен америкалық Чарльз Джонсон алты жеңіспен екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Осы кеште октагонға көтерілген тағы бір қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (12–3) UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы Александр Топуриямен (7–1) кездескен еді. Өкінішке қарай, тартысты жекпе-жекте Бекзат қарсыласына жол берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу