Асу Алмабаев Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді

285

1 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде Қазақстан үшін тарихи оқиға орын алады.

Асу Алмабаев Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді Фото: Жеке парақшасынан

Санаулы күндерден соң тарихта алғаш рет қазақстандық спортшы UFC турнирінің басты кардына шығады.

Ол аса жеңіл салмақта өнер көрсететін, рейтингіде 8-орында тұрған Асу Алмабаев (21-2). Ал, оның қарсыласы қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Манель Капе (20-7). Ол бұрын Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын.

Осы орайда белгілі ресейлік ММА комментаторы Роман Мазуровтан Асу Алмабаев пен Манель Капе арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

– Асу Алмабаев пен Манель Капе арасындағы жекпе-жек туралы өз пікіріңізбен бөліссеңіз?

– Бұл Асу үшін тарихи жекпе-жек болмақ. Өйткені алғаш рет Қазақстанның өкілі UFC турнирінің басты кардына шығады. Капеге қарсы жекпе-жек Алмабаевтың титулға ұмтылысы тұрғысынан өте маңызды. Ол жарқын өнер көрсетіп, өте мықты қарсыласын жеңе алады.

– Жекпе-жек 5 раундтан тұрады. Бұған қалай қарайсыз?

– Жекпе-жектің ұзақтығы алаңдаушылық тудырады. Өйткені Асу 3 раундқа дайындалған еді.

– Капені жеңу үшін Алмабаев не істеуі керек?

– Алмабаев жеңіс үшін күресу қажет.

– Манельдің деңгейін қалай бағалайсыз?

– Капенің соққылары жойқын әрі ерекше. Физикалық тұрғыдан мықты. Оның жеңістерінің көпшілігі нокаутпен аяқталған және бұл Асуға үлкен қауіп төндіреді.

– Қазақстандық спортшыға қарағанда оның қандай артықшылықтары бар?

– Артықшылық емес. Жеңіске жету құралдары деп айту керек. Біріншіден, оның тәжірибесі бар. Ол дивизионның көптеген шеберлерімен сынға түсті. Екіншіден, оның өте жақсы әрі ерекше соққы техникасы бар. Мысалы, ол Осборн секілді тізеден соққы жасап, сұлатып түсіруі мүмкін. Басты қауіп те осында.

– Алмабаев Капені жеңсе, сол жеңіс оны титулды жекпе-жегіне қаншалықты жақындатады?

– Асу үшін бұл ең тамаша мүмкіндік. Ең жоғары деңгейге көтерілмесе де, кем дегенде көшбасшылыққа біртабан жақын болады.

– Асу мен Капенің жеңіске жету мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

– Асудың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Дегенмен, кейбір адамдар Асу Алмабаевты бұл жекпе-жектің айқын фавориты деп атап, оның қарсыласын еш қиындықсыз жеңетінін айтып жатыр. Мен мұндай қорытынды жасауға асықпас едім.  Дегенмен, қазақ спортшысының жеңіске жетуге тәжірибесі мен шеберлігі жеткілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу