Асу Алмабаевтың тәжірибесі мол спортшы. Алматыдағы турнирге дейін ол 13 жекпе-жек өткізген. Оның ішінде он бір кездесуді жеңіспен, екеуін жеңіліспен аяқтаған. Соңғы рет ол 2017-жылы сәуірде әзербайжандық файтер Мехман Маммадовтан жеңіліп, кейіннен жеті жекпе-жекте жеңіске жеткен. Алмабаев бір жылдан астам уақыт кездесу өткізген жоқ. Ол соңғы рет шаршы алаңға былтыр қаңтар айында Нұр-Сұлтанда өткен M-1 Challenge 105 турнирінде өнер көрсеткен.
Осыған қарамастан, бұл титулдық жекпе-жекке дайындалуға көп уақыт кетті. Алмабаев жеңілмеген қазақстандық Дархан Сқақовқа қарсы шықты. Бастапқыда Алмабаев қырғызстандық Алманбет Әбдівасыұлымен жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ ол шекарадан өту мәселелеріне байланысты Қазақстанға келе алмады.
Кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды. Алмабаев қарсыласының арқа тұсынан келіп, қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Ол аса жеңіл салмақ бойынша (56 келіге дейін) NFC чемпионы атағын иеленіп, нәтижесінде спорттық мансабындағы жеңістер санын 12-ге дейін жеткізді.
Осы жекпе-жек кешінің тағы бір кездесуі дәл осы сценарий бойынша өрбіді. Октагонның дебютанты Болат Заманбеков кәсіпқой жекпе-жекте алғашқы кездесуге келген Айжарық Қадырбаевпен сынға түсті. Аса жеңіл салмақта өткен бұл кездесу де бірінші раундтың соңына қарай аяқталды. Заманбеков қылқындыру әдісі бойынша қарсыласын жеңді.
Сонымен қатар 61,2 келі салмақ дәрежесі бойынша Дастан Амангельді жерлесі Утукжан Союзовпен кездесті. Бұл жекпе-жек үш раундқа созылды және төрешінің шешіммен Амангелдінің жеңісімен аяқталды.
77 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дебютанттар Мирас Мұқаметжан мен Мансұр Шахгиреев бақ сынады. Бұл жекпе-жекте Мансұр жеңіске жетті. Ол қарсыласын екінші раундта тұншықтырып, өзінің кәсіби дебютін ерте жеңіспен аяқтады.
Турнирде жалғыз әйелдер арасындағы жекпе-жек қазақстандық Әсем Жакенова мен ресейлік Карина Питецкая арасында өтті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Әсем Жәкенова қарсыласынан басым түсті. Бұл Әсемнің спорттық мансабындағы екінші кездесуі болса, ресейлік Карина Питецкая үшін алғашқы дебюты болды.
Ермұхамед Мәулен