Осылайша, ол аталмыш ойында ұсынылған екінші қазақстандық UFC шебері атанбақ.
Жеңіл салмақтағы ережесіз жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) аустралиялық Стив Эрцегпен (12-3) 2 наурызда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC турнирінде кездесуі керек еді. Алайда, Эрцегтің жекпе-жектен бас тартуына байланысты, Алмабаевқа жаңа қарсылас табылды.
Енді ол UFC Vegas 103 турнирінде бразилиялық Аллан Насиментомен (20-6) октагонға шығады. Аллан Насименто UFC-ге 2021 жылы келді. Дебютінде Тагир Уланбековке төрешілер шешімімен жеңілді. Алайда, кейін Джейк Хадлиді және Карлос Эрнандесті жеңді.
Асу Алмабаев UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет ол 20 қазанда Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николауды жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы желтоқсан айында Шавкат Рахмонов UFC ойынында кейіпкер ретінде пайда болды.