Отандасымыз UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-орында тұрған (Асу Алмабаевтың өзі 14-ші орында тұр) бразилиялық Матеус Николауға (19-4-1) қарсы шықты.
Кездесу үш раундтқа есептелген болатын. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бұл Асудің UFC-дегі төртінші кездесуі. Осыған байланысты қазір файтердің рекорды 4-0 болып отыр. Ал қазақстандық спортшының қарсыласы оныншы кездесуін өткізіп, рекорды 6-4 болды.