5 тамыздан 6 тамызға қараған түні Нэшвиллде (Теннесси, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 50 турнирі өтеді. Онда Алмабаев өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы Ямайка өкілі Оде Осборн болмақ (12-5). Бұл жекпе-жек Астана уақытымен сағат 04:00-де басталады.
"Мен Brave-те ғана емес, ресейлік лигалардың барлығында дерлік өнер көрсеттім: ACB, Fight Nights, Tech-Krep, M-1, Berkut Young Eagles. Барлығына алғыс айтамын және ешкімге өкпем жоқ. Олар біз сияқты спортшыларды дамытады. Біз осы лигалардан бастаймыз, сосын мұхит асып, өз нәтижелерімізді көрсетеміз. Осы лигалар арқылы мықты файтер боламыз. М-1 және Найза белбеуін жеңіп алдым. Бұл менің дағдыларымды дамытуға және осындай UFC сияқты керемет лигаға жетуге көмектесті.
Мен M-1 белбеуін қорғап, еш қиындықсыз бірден UFC-ге ауысамын деп ойладым. Бірақ бәрі Алланың қалауымен болады. Сондықтан ол кезде UFC-ге дайын емес едім. Маған уақыт керек болды. Менің жауынгерлік IQ-ім өсті. Көріп отырғаныңыздай, менің ұстанымым және ММА-ның басқа да аспектілері жақсарды. Моральдық-психологиялық тұрғыдан жасыма сай жекпе-жек шебері ретінде жетілдім. Қазір 29 жасымда UFC-де жұдырықтасуға дайынмын", - дейді Алмабаев.
Алмабаев оқу-жаттығу жиынын АҚШ-та өткізді. Айта кетейік, Асудың қарсыласы Осборн бұған дейін UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, төртеуінде жеңіске жетсе, үш кездесуде жеңіліс тапты. Ол Жұмағұловтың бірнеше қарсыласымен - Джером Ривера (10-6), Чарльз Джонсон (13-5), Манел Кейп (18-6) және Тайсон Наммен (21-13-1) жұдырықтасты.