Асу Алмабаев UFC-дің ең үздік 15 спортшысының қатарына енді

355

 Осылайша отандасымыз чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға бір табан жақындай түсті. 

Асу Алмабаев UFC-дің ең үздік 15 спортшысының қатарына енді Фото: ©UFC

UFC тұжырымында үшінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен Асу Алмабаев ұйымның жаңартылған рейтингінде үздік спортшылардың қатарына кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жақында ғана әлемдік рейтингте ең үздік 15 спортшының қатарына енген Асу Алмабаев UFC тұжырымының жаңартылған рейтингінде де үздіктер қатарына қосылды. “Зульфикар” лақап атымен танылған отандасымыз UFC-дегі аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын ең үздік 15 спортшының қатарына қосылды. Осылайша отандасымыз чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға бір табан жақындай түсті. Ал бұл салмақтың чемпионы әрі көшбасшысы бразилиялық – Александр Пантожа (28-5-0).

Айта кетейік, Асу Алмабаев 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонды (16-8) жеңген еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу