Асу Алмабаев UFC рейтингінде көтерілді

418

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC рейтингіндегі орнын жақсартты.

Асу Алмабаев UFC рейтингінде көтерілді Фото: asu_zulfikar57

Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы (23-3) америкалық Ultimate Fighting Championship ұйымының жаңартылған рейтингінде 2 сатыға жоғарылап, 9-орыннан 7-орынға көтерілді. Ол бұл орында әзербайжандық файтер Амир Альбазимен қатар тұр.

Рейтинг 8 наурыз күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінен кейін жаңартылды. Турнир қорытындысы бойынша лига барлық салмақ дәрежелері бойынша үздік 15 спортшының рейтингін қайта жариялады.

Қазіргі уақытта Асу Алмабаев – UFC рейтингінде тұрған Қазақстанның жалғыз өкілі.

Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 2 қарашасында Қатардың Доха қаласында өткізген. Сол кездесуде ол америкалық файтер Алекс Пересті 3-ші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу