Бүгін Асу Алмабаев (21-2) UFC-дегі келесі жекпе-жегі алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Алмабаев таразыда 57,1526 килограмм көрсетіп, жеңіл салмақ лимитіне сәйкес келді.
Қазақстандық спортшы Манель Капемен (20-7) жекпе-жек өткізеді. Олардың кездесуі 2 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Vegas 103 турнирінің басты оқиғасы болмақ.
Осылайша, Алмабаев америкалық промоушеннің басты жекпе-жегіне қатысатын алғашқы қазақстандық спортшы атанды.
Капе қазіргі таңда UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде алтыншы орында тұр, ал Алмабаев сегізінші сатыда. Бұл дивизионның чемпионы – бразилиялық Алешандре Пантожа (29-5) екенін айта кетейік.