Асу Алмабаев жекпе-жек алдында жарақат алып қалды

238

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев жекпе-жек алдындағы дайындық кезінде жарақат алып, алдағы UFC турниріне қатыса алмайтын болды.

Асу Алмабаев жекпе-жек алдында жарақат алып қалды Фото: Жеке парақшасынан

Спортшы жаттығу барысында қолын сындырып алған. Осыған байланысты Мексика астанасы Мехикода 28 ақпан күні өтетін UFC турнирінің басты жекпе-жегіне шығудан бас тартты.

Асу Алмабаевтың қарсыласы жергілікті жанкүйерлердің фавориті, бұрынғы чемпион Брэндон Морено болуы тиіс еді.

– Жағдай осылай болды. Ұшуымызға 2 күн қалғанда қолым жарақат алды. Жарақат айтып келмейді. Қандай қарсылас болса да, қандай жағдай болмасын, жекпе-жектен ешқашан бас тартып көрмедім. Дайындығымыз жақсы деңгейде еді. Бірақ болған іске қарсы тұра алмайсың, – деді спортшы.

Сондай-ақ, UFC ұйымымен келісімшарты ұзартылғанын атап өтті.

– Бұл келісім аясында мені әлі 5 жекпе-жек күтіп тұр. Алда талай қызықты айқастар бар, – деді Асу Алмабаев.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы рет октагонға 2025 жылдың 2 қарашасында Қатардың Доха қаласында өткен UFC турнирінде шыққан.

Ол жекпе-жекте америкалық Алекс Пересті (25-10) 3-нші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, айқын басымдыққа қол жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу