Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

561

Аралас жекпе-жек шебері 1 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турниріне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды Фото: Жеке парақшасынан

Отандасымыз аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы шығады.

– Біздің @darteam.Kazakhstan командамыздың жауынгері Асу Алмабаева наурыз айында UFC турнирінде Аустралиядан шыққан бұрынғы UFC титулына үміткер Стив Эрцегке қарсы жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлады. 

Стив Эрцег жеңілірек салмақта чемпиондық атақ үшін шайқасқан. Басты жекпе-жекте бразилиялық Алешандре Пантожаға есе жіберген. UFC рейтингінде қазір 9-орында тұр. Асу болса 7-орында келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу