Асу Алмабаевтың UFC-дегі жаңа қарсыласы белгілі болды

182

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың қарсыласы ауысты. 

Асу Алмабаевтың UFC-дегі жаңа қарсыласы белгілі болды

Асу 26 шілде күні Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC on ABC 9 турнирінде өзбекстандық Рамазан Темировпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда қарсыласының турнирден шығып қалуына байланысты, оның орнына октагонға Перу елінің өкілі Хосе Очоа шықпақ.

Бұл жаңалықты Асудың командасы Instagram парақшасында хабарлады:

"Темиров турнирге қатыспайтын болды. Оның орнына Хосе Очоа (7-1, UFC-де 1-1) жекпе-жекке шығуға келісім берді. Осылайша Асу Алмабаев жаңа қарсыласпен кездесетін болады", - деп мәлімдеді команда өкілдері.

Айта кетейік, Асу Алмабаев үшін бұл UFC-дегі кезекті маңызды айқас болмақ. Ол осыған дейінгі жекпе-жектерінде өз шеберлігін дәлелдеп, жанкүйерлер үмітін ақтап келеді. Енді қазақ жанкүйерлері 26 шілдеде өтетін жекпе-жекте Асудың жеңісті жолын жалғастыратынына сенімді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу