Асық атудан Қазақстан жеңімпаз атанды

487

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. 

Асық атудан Қазақстан жеңімпаз атанды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
 
Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу