16 жастағы Асан Асылхан жасөспірімдер арасында әлем чемпион атанды

148

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Айролода (Швейцария) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

16 жастағы Асан Асылхан жасөспірімдер арасында әлем чемпион атанды Фото: olympic.kz

Ол жекелей сында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, финалда 103.35 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлде тағы бір қазақстандық спортшы Дінмұхаммед Райымқұловқа бұйырды. Оның нәтижесі – 92.82 ұпай. Ал қола жүлдені Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) жеңіп алды.

Сонымен қатар, чемпионаттың алғашқы күні жекелей могул бағдарламасы бойынша да жеңімпаздар анықталды. Бұл сында Қазақстан құрамасынан Юлия Феклистова үздік нәтиже көрсетіп, 11-орынға тұрақтады.

Қалған отандастарымыз да жарыс жолына шықты: Юлия Мокина – 30-орын, Валерия Воловикова 33-орын иеленді.

Ерлер арасында Денис Раструба 29-орынға тұрақтаса, Ильнар Ибрагимов – 32-орын, Алексей Дегтярев – 34-орын, Даниил Коротков – 35-орын, ал Дмитрий Пятаков 48-орынды місе тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу