Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова қытайлық әріптесі Мин Люмен бірге Испанияның Манакор қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстан-қытай дуэты 1/8 финалда испаниялық Анна мен Мар Кабассерс Морросты 6:4, 6:1 есебімен, ал ширек финалда Түркиялық Зелиха Чукуруоглу мен Канадалық Милагрос Хелена Пастушканы да екі сетте 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Жартылай финалда 19 жастағы қазақстандық және 33 жастағы қытайлық тенниші Мерел Хедт (Нидерланды) - Валентина Ариас (Колумбия) жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайды. Турнирге 32 теннисші қатысып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу