Қасым-Жомарт Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

959

Бұл – айтулы жетістік!

Қасым-Жомарт Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу