Атағы жер жарған әлемнің үздік балуандары Алматыда белдеседі

273

25 ақпанда Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін PWL8 турнирінде өнер көрсететін балуандардың қарсыластары анықталды.

Атағы жер жарған әлемнің үздік балуандары Алматыда белдеседі Фото: PWL8

Қазақстан тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдерге қарсы шығады. Бұдан бөлек басқа да әлемдік күрес жұлдыздары да боз кілемге шығады. Ал біз олардың әрқайсысына тоқтала кетсек: 

Ризабек Айтмұхан  Кайл Снайдер

Айта кетейік, Ризабек бір жылда үш рет әлем чемпионы атанған болатын. 2023 жылы ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында (Белград, Сербия) жеңімпаз атанған тұңғыш қазақстандық ретінде тарихта қалды. 2024 жылы күздің басында Понтеведрада (Испания) өткен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек жеңіске жетті. Одан кейін Тиранада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.

Америкалық балуан 97 келі салмақта 2016 жылғы Олимпиада жеңімпазы және 2020 жылғы ойындардың күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар, Снайдер үш әлем чемпионатында, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Азамат Дәулетбеков  Магомедхабиб Кадимагомедов

Ал команда капитаны, Азияның үш дүркін чемпионы Азамат Дәулетбеков 2020 жылғы Токио Олимпиадасының финалисті Магомедхабиб Кадимагомедовпен (Беларусь) боз кілемді белдеседі.

Өткен жолы Алматыда өткен PWL 4 турнирінде Азамат Дәулетбеков (Қазақстан) Арслан Багаевты жеңді. Бұл жолы турнирдің дебютанты, Олимпиада жүлдегері Магомедхабиб Кадимагомедовпен (Беларусь) кездеседі.

Айпери Медет қызы  Жәмилә Бақбергенова

Сонымен қатар Айпери Медет қызы PWL 8 турнирінде дебют жасайды. Айпери Қырғызстандағы әйелдер күресінің жарқын өкілдерінің бірі. Ол екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, сонымен қатар екі дүркін Азия чемпионы.

PWL 8-де Айпери әдеттегідей 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Жәмилә Бақбергенова болмақ. Олар Ханчжоуда өткен Азия ойындарының финалында кездесіп, Медет қызы 7:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ахмед Усманов  Автандил Кенчадземен

Әлем және Еуропа чемпионы Ахмед Усманов (Ресей) Кәсіпқой күрес лигасы – PWL 8 турнирінде қазіргі әлем чемпионы Автандил Кенчадземен (Грузия) жекпе-жекке шығады. Спортшылардың соңғы екі жылдағы әлем чемпионаттарында жеңімпаз атануы жекпе-жекке ерекше көрік бере түспек.

Ақжол Махмудов  Ибрагим Ганем

Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы, күміс жүлдегері Ақжол Махмудов (Қырғызстан) әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, Франция өкілі Ибрагим Ганеммен кездеседі. Ақжол анық фаворит. Дегенмен Ибрагим мұнымен келіспейді.

Артур Саркисян  Габриэль Росильомен

Әлем чемпионатының жүлдегері Артур Саркисян кубалық балуан Габриэль Росильомен белдеседі. 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында олар бір-бірімен кездесіп, жекпе-жек кезінде ресейлік спортшы шынтағын жарақаттап, кездесуді жалғастыра алмады. Олар сондай-ақ 2024 жылдың жазында Новосібірдегі Аксенов мемориалының финалында кездесуі керек еді. Бірақ сол кезде кубалық жарақат алып қалған. Осылайша енді олар Алматыда өзара мықтыны анықтамақ.

Әлихан Жабраилов  Абдулрашид Садулаев

Әлихан Жабраилов 2019 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алып, содан бері әлемнің үздік балуандарының біріне айналды. Абдулрашид Садулаевтың салмақ дәрежесінде белдеседі. 

Әлихан – Жабрайловтар әулетінің өкілі. Әкесі Лұқман Жабраилов – әлем чемпионы, ағасы Елмәди Жабраилов – Олимпиада жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы. 2023 жылы Каспийскіде өткен Ресей чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін Жабраилов PWL турнирінде Кайл Снайдермен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтқан болатын.

Луис Хорта Санчес  Славик Галстян

PWL 8-де кезекті Олимпиада ойындарының кіші финалының реваншы өтпек. Бұл жолы грек-рим күресінен. Олимпиада чемпионы және жүлдегері, әлем чемпионы, үш дүркін Панамерика ойындарының чемпион, кубалық Луис Хорта Санчес әлем чемпионатының жүлдегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері, армениялық Славик Галстянға қарсы кездесу өткізеді. Балуандар бұған дейін  Парижде белдесіп, ол уақытта кубалық жеңіске жеткен.

Кирилл Маскевич  Айк Хлоян

PWL 8-де жартылай ауыр салмақтағылар қатысатын тағы бір жекпе-жекте беларусь өкілі Кирилл Маскевич 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жеңімпазы армениялық Айк Хлоянмен сынға түседі.

Кирилл Маскевич әлем чемпионатының жүлдегері және Париж Олимпиадасының фавориттерінің бірі болды, бірақ Олимпиадаға жіберілмеді. Ал, сарапшылардың пікірінше Айк Хлоян әлем көшбасшысы атануға лайықты балуан.

Автандил Кенчадзе – Ахмед Усманов

Автандил Кенчадзе  қазіргі әлем чемпионы және Токиодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сондай-ақ Тиранада өткен әлем чемпионатында алтын медальді бесінші мүмкіндігінен кейін ғана жеңіп алды. 2018 жылы алтын үшін өткен белдесуде Автандил Зауырбек Сидаковтан ұтылып қалды. Ал 2024 жылы оның финалдағы қарсыласы да ресейлік балуан – Магомед Магомаев болды. Оған финалда Кенчадзе еш мүмкіндік қалдырмай, 13:4 есебімен жеңді. PWL-8 жарысында Автандилдің қарсыласы тағы бір ресейлік балуан – әлем және Еуропа чемпионы Ахмед Усманов болмақ.

Айк Мнацаканян – Сергей Степанов 

Айк Мнацаканян – PWL екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қатысушысы, әлем чемпионаттарының екі дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Оның 25 ақпанда өтетін турнирегі қарсыласы Ресей құрамасының көшбасшысы Сергей Степанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу