Альдо Кьяри постурология (адам денесінің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтау әдістері мен механизмдерін зерттейтін медицина саласы) және биомеханика (адам қозғалысын зерттейтін ғылым) бойынша маманданған.
Бұған дейін Альдо Кьяри сербиялық теннисші Новак Джоковичтің жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеген, сондай-ақ қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы – италиялық Янник Синнердің командасының мүшесі болған.
Елена Рыбакинаның соңғы нәтижелеріне келер болсақ, ол Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, австралиялық Кимберли Бирреллді (62-орын) – 6:3, 7:6 және колумбиялық Юлиана Лисарасоны (680-орын) – 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Елена қазіргі таңда рейтингте 3-орыннан 11-орынға дейін төмен түсті. Енді спортшымыз жаттығу жұмыстарына көңіл бөліп, турнирлерде нәтижелі өнер көрсетеді деп үміттенеміз.