Атақты спринтер Марк Реншоу "Астана" командасына қосылады

816

Биыл "Тур де Франс" 1 шілде мен 23 шілде аралығында өтеді.

Атақты спринтер Марк Реншоу "Астана" командасына қосылады

Astana Qazaqstan Team әлемдік деңгейдегі атақты спринтер Марк Реншоудың алдағы "Тур де Франс" жарысына спринт бойынша кеңесші ретінде команда құрамын нығайтатыны туралы хабарлады. 40 жастағы аустралиялық кәсіби мансабын төрт жыл бұрын аяқтаған болатын.

"Мен Astana Qazaqstan Team және Марк Кавендишпен бірге "Тур де Франс" жарысына спринт бойынша кеңесші ретінде қатысатыныма өте қуаныштымын. Бас менеджер Александр Винокуровпен және бұрынғы командалас әріптесім, қазір спорт директоры Дмитрий Фофоновпен ынтымақтастық туралы сөйлескеннен кейін, бірге табысқа жету үшін командаға бар білімім мен тәжірибемді қосуға тырысамын. Біздің мақсатымыз - спринтте жеңіске жету", - деді Марк Реншоу.

Маусымның басында Марк Кавендиш Римде өткен Джиро д'Италияның финалдық кезеңінде Astana Qazaqstan Team жейдесінде өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

"Марктың "Джиродағы" соңғы жетістігі оның Гранд Турда жеңіске жету үшін қажетті жылдамдығы, күші мен табандылығы әлі де жеткілікті екенін дәлелдейді. Astana Qazaqstan Team командасының және дарынды шабандоздардың қолдауымен Маркқа биыл Францияда жеңіске жету үшін барлық мүмкіндік бар. Мен команда сапына қосылу үшін шілдеге жоспарланған барлық басқа жұмыстарымнан бас тарттым. Бұл менің Марк пен командаға деген сенімімді көрсетеді. Спорт директорларымен жұмыс істеуге, жарыстың ең тиімді стратегияларын талқылауға және спринт кезеңдерін талдауға өте қуаныштымын! Мұның барлығы да маған  ұнайды. Марк Кавендиштің мансабы қазірдің өзінде үлкен жетістік. Алайда мен Маркқа өзінің "Үлкен күрмеудегі" 35-ші жеңісі үшін күресіп, спорттық мансабын тамаша нәтимжемен аяқтауға көмектесу мүмкіндігіне ие болғым келеді" - деп қоса кетті Марк Реншоу.

Биыл 110-шы рет ұйымдастырылып жатқан "Тур де Франс" 1 шілде мен 23 шілде аралығында өтеді. Велодода 21 кезеңнен және 2 күн демалыстан тұрады. Жарыс Испаниядағы Баск еліндегі Бильбао қаласында басталады. "Тур де Франс 2023" 23 шілдеде Франция астанасы Парижде Елисей алаңында 115,1 шақырымдық 21 кезеңмен аяқталады. Бильбаодан Испания арқылы өтетін Елисей алаңындағы мәреге дейінгі жолдың жалпы ұзындығы 3399,5 шақырымды құрайды. Жарысқа қазақстандық "Астана" велокомандасы да қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу