Atameken Business Қытайдың алпауыт медиакорпорациясымен бірлескен жобаны бастады

1112

Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы туралы біздің арна енді алғашқы дереккөздерден алынған ақпаратты таратады.

Atameken Business Қытайдың алпауыт медиакорпорациясымен бірлескен жобаны бастады

Atameken Business Қытайдың медиакорпорациясымен бірлескен жобаны бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Ынтымақтастық аясында екі елдің арналары ақпарат алмасып, қос тараптың жаңалығын өз көрерменіне жеткізбек.  

Бизнестегі озық тәжірибе, экономикалық жаңалықтар, екі елдің қарым-қатынасы. Ұзақ мерзімдік ынтымақтастықтың басты бағыттары осы.

"Өзекті мәселелер бойынша пікір беріп, сұқбаттар ұйымдастыру жоспарда бар. Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты сарапшыларды шақырып отырамыз. Біз қолжетімді медиа тұғырнаманың бәрін пайдаланамыз деп ойлаймын. Тек телевизияда емес, жаңа медиада да. Тағы да басқа форматтарды қамтып, бірлескен жобаны дамытпақпыз", - деді Қытай медиакорпорациясы Евразиялық бюросының директоры Ван Бинь. 

"Атамекен" арнасында Қытай медиакорпорациясы дайындаған деректі фильмдер қазақ тіліне аударылып, көрерменге ұсынылады. Әр сейсенбі мен бейсенбіде 15.00-де "Шыңшаң дәмі" жобасын біздің арнадан тамашалай аласыздар.

Ал "Жібек жолында" бағдарламасы сәрсенбі сайын 16.00-де көрсетілмек. Онда негізінен Қытай жаңалықтары ұсынылады. Бұл жоба да тек қазақ тілінде эфирге шығады.

"Ол жерде Қытайда болып жатқан жағдайлар жөнінде алғашқы дереккөзден алынған ақпарат түсінікті тілмен жеткізіледі. Атап айтқанда, экономиканың негізгі трендтері қандай, бизнес үшін не маңызды, іскер ортаға не қажетттігін түсінуге мүмкіндік беретін мәліметтер болмақ. Бұл  Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттырып, қосымша инвестиция тартуға жол ашады.  Әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайта түспек. Біздің бірлескен жобаның басты мақсаты осы деуге болады", - деді Atameken Business медиахолдингінің Бас директоры Қанат Сахария.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу