Atameken Business сотта "Тобыл" ӘКК-ні жеңді

3828

Судья ұлттық компанияның "Наше дело" бағдарламасына қарсы талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Atameken Business  сотта "Тобыл" ӘКК-ні жеңді

22 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы ауданаралық экономикалық сотының судьясы Мақсат Сембин "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның "ATAMEKEN BUSINESS" MEDIA HOLDING" ЖШС-ға қатысты азаматтық ісіне осындай шешім шығарды

"Тобыл" ӘКК" АҚ соттан 2019 жылдың 21 ақпанында (№22 шығарылым) ATAMEKEN BUSINESS арнасының "Наше дело" бағдарламасында таратылған мәліметтер шындыққа жанаспайды деп тануды талап еткен. Арызданушылар бұл мәлімет "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының іскерлік абыройына нұқсан келтіретінін алға тартып, оны жоққа шығаруды сұраған.

Тергеу барысында "Тобыл" ӘКҚ" АҚ өкілдері талаптарының дұрыстығын дәлелдей алмады, ал "Наше дело" бағдарламасының редакциясы Арқалық қаласындағы былғары зауыты туралы сюжеттегі мәліметтердің шынайылығын дәлелдейтін видеоматериалдар мен құжат ұсынды.

"Біз  сюжет кейіпкерлерінің бізге ұсынатын фактілері мен құжаттарына сүйенеміз және мәліметтерді заң рұқсат берген әдіс-тәсілдермен тексереміз", – деді "Наше дело" бағдарламасының авторы және жүргізушісі Константин Харламов.

Оның айтуынша, дәл осы әрекет былғары зауыты туралы сюжетте айтылған мәліметтердің дәйексіз емес екенін дәлелдеуге мүмкіндік берген.

"Наше дело" бағдарламасы тілшілерінің сөзінше,  Atameken Business телеарнасының дәл осы бағдарламасына бұған дейін де шағымданушылар болған. Қазір сотқа дейінгі бірнеше талап қарастырылып жатыр.

"Біздің материалдарды жақтырмайтындар көп, себебі біз белгілі бір мемлекеттік орган өкілдерінің жемқорлық іс-әрекеттерін, айлакерлік схемаларды, кемшіліктерді көрсетеміз. Бізге қысым көрсетіліп жатқанын  түсінеміз. Дәл осы форматтағы жобаны бастар алдында мұндай кедергілердің болатынын және бұдан құтылу мүмкін емес екенін білдік. Біз әрқашан келтірген дерегіміздің шынайылығын дәлелдеуге дайынбыз", – деді Константин Харламов. 

Арызданушылар сюжет шыққаннан кейін, ұйымдарына тигізілген зиян көлемін анықтай алмаған. Осыны түсінгендіктен болар, арыз берушінің өкілі сот шешімінің жариялануына қатыспаған.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Оның қағаздағы  нұсқасы 5 күннен кейін дайын болады. Ал "Тобыл" ӘКҚ" АҚ-ның сот үкіміне қарсылық  білдіру үшін жоғарғы  инстанцияға  шағымдануға бір ай уақыты бар.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу