ATAMEKEN BUSINESS-те коронавирустың расталған екі жағдайы тіркелді

1552

Науқастармен қарым-қатынас жасағандар анықталды. 

ATAMEKEN BUSINESS-те коронавирустың расталған екі жағдайы тіркелді

MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ресми мәлімдеме жасады.

MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Қанат Сахария:

"Холдингтің екі қызметкерінде коронавирус расталды. Олар қазір үй карантинінде. Індеттің жұққаны белгілі болған күні компания ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ауру жұқтырғандармен байланыс жасаған адамдар анықталды. Компания ПТР тестілеу арқылы әлі де жұқтыруы мүмкін қызметкерлерді анықтау жөнінде шаралар ұйымдастырды. 

Айта кетсем, 16 наурыздан бастап ұжымның басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында холдинг оқшаулау режимін сақтады әрі жұмысқа келу кестесі де қызметкерлер барынша өзара қарым-қытынас жасамайтындай етіп құрылды. Компания дезинфекциялау құралдарын, кварц шамдарын сатып алды, әрдайым профилактикалық іс-шаралар жүргізіп отырды. Біз үшін әр қызметкердің денсаулығы аса маңызды, өйткені журналистердің ұдайы қауіпті аймақта  жүретінін түсінеміз.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері – Пралиева Жанна Қадырбайқызына қоңырау шалдық. Бізге ПТР-ді жаппай жинамауды ұсынды. Коронавирустық инфекция анықталған қызметкерлермен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмыс істеп, барлық байланыс жасаған адамдарды ПТР тестілеуге тегін жібереді. Бізді карантинге жаппайды. Тек бақылауға алады, егер тағы да осындай жағдай байқалса, рәсім қайталанады. Белгілі болған КВИ туралы үш күн ішінде қаулы дайындайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу