Atameken Business телеарнасы "Тұмар" сыйлығын алды

1718

"Время говорить" ток-шоуы "ТҰМАР-2022" сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Atameken Business телеарнасы "Тұмар" сыйлығын алды

"Үздік ток-шоу" аталымында Atameken Business телеарнасының "Время говорить" жобасы жеңіске жетті. Жоба авторы – Данил Москаленко. 

Телевизиялық шеберлік саласындағы "Тұмар-2022" Ұлттық телевизиялық сыйлығы 10 аталым бойынша байқау өткізеді.

2022 жылы сыйлық алуға 300-ге жуық өтінім келіп түсті, ең көп өтінім "Үздік деректі фильм", "Үздік ақпараттық бағдарлама", "Үздік әлеуметтік жоба", "Үздік тележурналист", "Үздік тележүргізуші" номинациялары бойынша қабылданды. Жыл сайын өтінімдер саны артып қана қоймай, телевизиялық контенттің сапасы да жақсарып келеді. Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері сыйлықтың шорт-парағына енген 40 үміткерді жариялады.
 
Олардың қатарында Atameken Business телеарнасының:

Үздік режиссерлік жұмыс номинациясы бойынша "ӨҢІР: ЖЕТІСУ & ЭКОТУРИЗМ"  

Үздік әлеуметтік жоба бойынша – "Бизнес с нуля"

Үздік ток-шоу номинациясында – "Время говорить"

Үздік ақпараттық бағдарлама номинациясы бойынша – "Түскі формат" жобалары бар. 

Естеріңізге сала кетейік, "Тұмар" – телевизиялық шеберлік саласындағы жоғары жетістіктері үшін ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлық жеңімпаздары қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы және "Тұмар" мүсіншесінің иегері болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу