ATAMEKEN BUSINESS медиахолдингінің бас директоры Президент қабылдауында болды

3681

Мемлекет басшысы контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты. 

ATAMEKEN BUSINESS медиахолдингінің бас директоры Президент қабылдауында болды

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ATAMEKEN BUSINESS медиахолдингінің бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы  дамыту мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу