"Atameken Business" командасы волейболдан төрт дүркін чемпион атанды

121

​"Atameken Business" волейболдан журналистер арасында өткен BAQ LIGA турнирінің төрт дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Atameken Business" командасы волейболдан төрт дүркін чемпион атанды

Жетінші рет ұйымдастырылған біріншілікке еліміздің әртүрлі БАҚ редакцияларынан 9 команда қатысты. Солардың ішінен үздік шыққан "Atameken Business" пен "Хабар" финалда кездесті. 2 сетте қарсыласынан басым түскен біздің арнаның қыз-жігіттері бас жүлдені иеленді. 

Сондай-ақ, биыл BAQ LIGA чемпионатымен қатар, журналистер кубогы сарапқа салынды. Бұл жарыста да алдын жан салмаған "Atameken Business" телеарнасы финалда тағы да "Хабар" командасын жеңіп, екі дүркін чемпион атанды.

"Atameken Business" телеарнасының қыз-жігіттерін үлкен жеңісімен құттықтаймыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу