Atameken Business виртуалды жүргізушілері "Жыл жобасы" атанды

604

I-Sanj виртуалды жүргізушісінің прототипі — белгілі қазақстандық актер Санжар Мәди.

Atameken Business виртуалды жүргізушілері "Жыл жобасы" атанды Фото: inbusiness.kz

Atameken Business телеарнасының I-Sanj бен i-Sana виртуалды жүргізушілері "Қазақстандағы Жыл жобасы" номинациясы бойынша TKT International Awards сыйлығын технологиялық даму, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті телевизиялық аудиовизуалды контент өндіру процесіне енгізу бойынша ең инновациялық жоба ретінде жеңіп алды.

I-Sanj виртуалды жүргізушісінің прототипі — белгілі қазақстандық актер Санжар Мәди. Бұл жоба үш жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет Atameken Business арнасында жүзеге асырылды. 

Алғашқы виртуалды жүргізуші қалың көрерменге нейрондық желінің көмегімен және қазақстандық әзірлеушілер — ICT Service компаниясының арқасында жол тартты.

Ал i-Sanj-дың жаңа виртуалды әріптесі — I-Sana (шын мәнінде "Қазақ-Аруы" аруы Сания Темірхан) алғаш рет 2023 жылдың 7 наурызында эфирге шықты. 

Кибержүргізушіні әзірлеу Python бағдарламалау тілінде жүргізілді. Машиналық оқыту модельдерімен жұмыс істеу үшін әзірлеушілер кең таралған PyTorch фрэймворкын қолданды. Бейнені жылдам түрлендіру үшін әзірлеушілер wav2lip машиналық оқыту моделін негізге алған. Wav2lip бірнеше модельдерден тұрады: сараптамалық модель, аудио кескін генераторы, визуалды кескін сапасының дискриминаторы.

Сапаны жақсарту жолында конфигурацияланған AutoVC бағдарламалық жасақтамасы дауысты түрлендіру үшін қолданылды. Сөйлеу синтезі үшін Tacotron 2 қолданылды, дауыстан сөйлеу генерациясының нейрондық желісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу