"Атажұртқа қош келдіңіз!": Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды қарсы алды

290

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды қарсы алды.

"Атажұртқа қош келдіңіз!": Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды қарсы алды Фото: Ақорда

Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайып Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына "Ata yurda hoş geldiniz!" – "Атажұртқа қош келдіңіз!" деп екі тілде қошемет көрсетті.

Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу