Алғашқы ойында каталондық клуб 0:4 есебімен жеңілген болатын, сондықтан "Камп Ноуда" өткен матчта жағдайды өзгерту міндеті тұрды.
Ойынның алғашқы минуттарынан бастап "Барселона" шабуылға көшіп, бірінші таймда Марк Бернальдің голы арқылы есеп ашты – 1:0. Қосымша уақыттың төртінші минутында Педриге қарсы ереже бұзылып, 11 метрлік айып добын Рафинья сәтті орындап, есеп 2:0-ге жетті.
Екінші таймда "Атлетико" қарсы шабуылдарын күшейтсе де, "Барселона" да қауіпті сәттер жасады. Шешуші сәтте Жоау Канселудың диагональды пасын Марк Берналь тиімді пайдаланып, дубль авторы атанды – 3:0.
Осылайша, "Барселона" матчты 3:0 есебімен жеңсе де, екі ойын қорытындысы бойынша (3:4) мадридтік "Атлетико" Испания Кубогының финалына жолдама алды.