2013 жылы Польша чемпионы "Легия" "Барселонамен" жолдастық кездесу өткізді. Сол ойынның 50-минутында Петр Гжелчак польшалық команданы есепте алға шығарды. Алайда, кейіннен Леонель Месси гол салып, "Барселона" жеңілістен құтылып кетті. Ойын 2:2 нәтижесімен аяқталды. Алайда, кейіннен Петрдің спорттық ғұмыры көтерілмей, керісінше кері сырғыды.
Ол "Хойничанка" деген командадан "Атырауға" ауысты. Польшаның екінші лигасында жүрген шабуылшы Қазақстан біріншілігіне қандай мақсатпен ауысып отырғаны түсініксіз. Оның үстіне Гжелчактың халықаралық тәжірибиесі де көп емес. Ол шет елдің командалардан тек Грекия біріншілігінің "Платаниаса" командасында ғана ойнаған.
31 жастағы шабуылшы "Хойничанка" командасында 21 ойында 2 ғана гол салыпты. "Атырау" командасы қазір турнирлік кестенің 10-сатысында келеді.
Ермұхамед Мәулен