"Атырау" футбол клубы жекенің меншігіне өтеді

155

Бұл туралы Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Атырау" футбол клубы жекенің меншігіне өтеді Фото: kazfootball.kz

Қазіргі уақытта клубтың құнын есептеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыспен мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының тапсырысы бойынша тәуелсіз бағалау компаниясы айналысып жатыр.

Оның бағасына клубтың материалдық базасы мен ойын көрсеткіші әсер етеді.

Басқарма басшысы Нұрбол Сыдықовтың сөзінше, клубтың құны белгілі болғаннан кейін тендер жарияланып, ақпан айында сауда-саттыққа шығарылады.

– Жекешелендіру бойынша арнайы тапсырма бар. Соның аясында жұмысты бастап кеттік. Өздеріңізге белгілі елімізде осыған дейін жеке меншікке берілген клубтар жұмыс істейді. "Атырау" ФК сату бойынша шешім қабылданды. Осыған дейін әлеуметтік желіде клубтың жаңа иесі деп шығарған посттарды көрдім. Қазіргі уақытта клубты осы адам сатып алады деп айта алмаймыз. Барлығы заң аясында, тендердің нәтижесінде белгілі болады. Техникалық сипаттамада әкімдік тарапынан сатып алатын компанияға қояр талаптарымыз болады. Бүгінде әлеуетті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу