"Қайсардың" қазақстан кубогын иеленіп, биылғы маусымды ойша аяқтап қойғаны белгілі. Ал, "Атырау" командасының премьер-лигадағы орнын сақтап қалуы үшін соңғы ойындарда ұпайды көбірек алуы керек болып тұр. Сондықтан болар, жанкүйерлер қарасы осы ойынның тағдыры алдын-ала шелілген, "Атырау" жеңіске жетеді деп жарыса жазып жатты. Иә, расымен де алаң иелері турнирлік кестеде жоғары тұрса да, өз алаңында "Атырауға" жеңіле салды. Енді "мұнайшылардың" "Тараз" командасын қуып жетуіне мүмкіндік бар. Дегенімен әлі үш тур бойы ұпай жинап қалуға тырысады.
Ал ойын аяқталысымен Асқар Қожабергенов ойынға деген өзінің пікірін білдірді.
- Ең алдымен, сыр елін, "Қайсар" командасын және оның жанкүйерлерін ел Кубогын ұтқанымен құттықтаймын! Бұл сіздердің көптен күткен жеңістеріңіз. Ойынға келетін болсақ, бүгін өте тартысты, қиын матч болды. Екі бірдей команда ойнады. Біздің мақсатымыз - тек қана жеңіске ойнау.
Ермұхамед Мәулен