Оның сөзінше, бір топ спорт жанашырының қатысуымен жобаның таныстырылымы өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Атырауда грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали атындағы спорт кешені салынады. Жобаны іске асыруға Атырау облыстық күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Сатаев жауапты болады. Қазақтың батырларын әрдайым қолдап, қорғай білейік. Айдос Сұлтанғалиді спорт кешенінің іргетасын қалау рәсіміне арнайы Атырауға шақырамыз. Нысанның құрылысын толық аяқтауға бар күшімізді саламыз, – деді Арман Тоғаев.
Еске салайық, былтыр жылдың соңында Атырауда грек-рим күресінен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан атындағы спорт кешені пайдалануға берілген еді.
Қызылордалық балуан Айдос Сұлтанғали 2025 жылдың қыркүйек айында Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен 60 келіде жеңімпаз атанды.
Ол – классикалық күрес тарихында 26 жылдық үзілістен соң Қазақстанға әлем чемпионатының алтын жүлдесін әкелген алғашқы балуан.