Атырау қаласында Ұлттық құрылтай жиынының бірінші күні басталды

1075

ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібайдың төрағалығымен өткен "Азаматтық қоғам" сессиясында Әділет министрі Азамат Есқараев баяндама жасады. 

Атырау қаласында Ұлттық құрылтай жиынының бірінші күні басталды Фото: Әділет министрлігі

Министр Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған Ұлттық құрылтай бүгінде қоғамдағы өткір мәселелерді талқылап, шешімін табатын жалпыұлттық алаңға айналғанына тоқталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Азамат Есқараев Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар,  БАҚ пен кәсіподақтар қызметіне еркіндік берілгенін атап өтті. 

"Мемлекет басшысының 2023 жылғы 10 шілдеде қол қойған "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Заңы онлайн-ортаны қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

Заңның маңызды жаңашылықтарының бірі ол онлайн платформалардың өз интерфейсін қазақ тіліне аударуды міндеттеуі. Дербес деректерді қорғау, пайдаланушылардың шағым беру мүмкіндігі, онлайн-платформалардағы контентті модерациялау, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен әсер етушілердің құқықтары мен міндеттері қарастырылады.

Сондай-ақ, Заң жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады. Бұл норма қазірдің өзінде әрекет ете бастады, бұл жалған ақпаратпен күресудің маңызды тәсілін көрсетеді" деді министр.

Азамат Есқараев қазіргі уақытта журналистердің Әдеп кодексінің қабылдану барысына тоқталды. "Адалдық, объективтілік, әділдік, пікірлердің плюрализмі және адам құқықтарын құрметтеу журналистер қызметінің негізгі ережесі болуы тиіс", - деді министр.

Айта кетейік, ұлттық құрылтайға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен  қоғам белсенділері және танымал заңгерлер қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу