"Атырау" жанкүйерлері клуб басшылығының қызметтен кетуін талап етуде

1163

Командадағы 28 ойыншының 8-і легионер.

"Атырау" жанкүйерлері клуб басшылығының қызметтен кетуін талап етуде

"Атырау" жанкүйерлері команданың осы маусымдағы нәтижесіне байланысты басшылықтың қызметтен кетуін талап етуде, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Соңғы екі жыл бойы "Атырау" футбол клубы турнирлік кестенің соңғы сатыларында келеді. Жанкүйерлер нашар ойынға клуб басшылығын кінәлап, қызметінен кетуін талап етті. Одан бөлек, жергілікті жанкүйерлер сенімгерлік басқаруды алып тастап, клубтың облыстың қарамағына өтуін және де легионерлермен қош айтысып, жергілікті ойыншыларға мүмкіндік беруін қалап отыр.

Жанкүйерлердің наразылығына "Атырау" ФК директоры жауап берді.

"Бұл тек 1-2 адамның ғана пікірі деп есептеймін. Кешегі ойынмен қарасақ, дым ойын жоқ деп айтып жатыр. Атырауда нәтиже жоқ, команда нашар дейді. Ал, мен бұған келіспеймін. Өйткені солай айтқан адамдармен өздерімен кездескен кезде олар өздері стадионға келіп, ойын қарамаған адамдар. Олар тек біздің нәтижені қарайды" - деді "Атырау" футбол клубының директоры Қонысбай Шпанов,

Ал тәуелсіз футбол сарапшылары клубта тиісті мамандар жоқ деген пікірді алға тартып отыр.

"Селекционер-тренер болуы керек. Онсыз болмайды. Сұрыптаушы-тренер ол жыл бойы, әр жерде, әр қалада, тіпті басқа республикаға барып, ұнаған ойыншыларды қарап, соларды шақыруға, соларды жұмылдырып әкелуге бас тренермен жұмыс жасау керек" - дейді тәуелсіз сарапшы Құлшарап Шомаев.

Айта кетейік, "Атырау" клубы соңғы 11 матч бойы жеңіске жете алмауда (7 жеңіліс, 4 тең ойын). Соңғы рет 23 маусым күні "Жетісудан" басым түсті (1:2). Команда ел біріншілігінде 26 ұпаймен оныншы орында тұр және Қазақстан Кубогінің топтық кезеңінен шыға алмады. Команданың алда тек төрт ойыны қалды. Соңғы 11 матчта жеңіліп жүрген команда қалған ойындарда жеңіске жеткен күннің өзінде турнирлік кестедегі жағдайларын өзгертулері екіталай.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу