"Ордабасы" Қазақстан кубогі топтық кезеңінің төртінші турында "Атырауды" қабылдады. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 11-минутында Андрия Филипович қақпашымен жеке-дара шығып, командасын алға шығарды. Сегіз минуттан кейін Эльхан Астанов пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ал 70-минутта Тодор Петрович алыстан тамаша соққы бағыттап, кездесудің нүктесін қойды.
"Ордабасы" – "Атырау" – 1:2
"Ордабасы": Бекхан Шайзада (қ) – Әділхан Добай, Самат Шәмші (к), Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажитов, Акмаль Бахтияров – Александр Батищев, Виктор Брага – Эльхан Астанов, Максим Федин, Всеволод Садовский;
"Атырау": Илья Караваев (қ) – Равиль Ибрагимов, Матеус Бисси, Павел Барановский, Амандық Нәбиханов, Ади Адамбаев – Домантас Антанавичюс, Алтынбек Сапаров (к) – Юрий Завезен, Андрия Филипович, Павел Долгов;
"Қайсар" Қазақстан кубогінің төртінші турында "Каспиймен" кездесті. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өткен матч 1:2 есебімен аяқталды. Ойынның 56-минутында Еркебұлан Нұрғалиев мергендігімен көзге түсті. Сосын, 83-минутта Шафик Тигруджа гол соқты. Бірақ төрт минуттан кейін Жоао Педро есеп айырмасын қысқартты.
"Қайсар" – "Каспий" – 1:2
"Қайсар": Нұрымжан Салайдын (қ) – Константин Горизанов, Жоао Педро, Артём Дылевский, Абылайхан Төлегенов (к), Аян Құлмағанбетов – Демият Сламбеков, Сергей Бондаренко – Елжас Алтынбеков, Өркен Махан, Нұрбол Әнуарбеков;
"Каспий": Нұрлыбек Аязбаев (қ) – Максим Ваганов, Артем Барановский, Ерлан Қадырбаев, Қуандық Нұрсұлтанов – Шафик Тигруджа (к), Еркебұлан Нұрғалиев, Рати Арзадишвили – Павел Киреенко, Аслан Әділ, Алмас Арменов;
Ермұхамед Мәулен