Атырауда бокс кеші өтетін болды

1832

Жекпе-жекті тікелей эфирден тамашалауға болады.

Атырауда бокс кеші өтетін болды

Атырау қаласының әкімдігінің қолдауымен "SULEIMEN Promotions" промоутерлік компаниясы Атырау қаласында бокс кешін ұйымдастырмақшы. Бұл туралы промоутерлік компания өзінің Instagram парақшасында жариялады. Кеште барлық санитарлық талаптар сақталып, көрермендерсіз өткізіледі. Жекпе-жекті "Хабар" телеарнасынан тамашалауға болады. Дегенмен "SULEIMEN Promotions" бокс кешінің нақты қай күні өтетінін құпия сақтап отыр.

Басты жекпе-жекте Әлемдік рейтингте екінші орта салмақ бойынша үздік 15 боксшы қатарындағы Айдос Ербосынұлы (14-0-9 KO) өзінің WBA International, WBC Asia и WBO Global чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады. Оның қарсыласының кім екені әзірге жарияланған жоқ.

Бокс кеші жалпы саны 10 қатысушымен барлығы 5 кездесу өтеді. Айдос Ербосынұлымен қатар Бек Нурмағанбет, Евгений Павлов, Данил Семенов және Олимпиада комитетінің рұқсатымен Абылайхан Жүсіповтер шаршы алаңға шығады.

Естеріңізге сала кетсек, Абылайхан Жүсіпов бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының көшбасшысы. Ол 69 келіге дейінгі салмақ бойынша Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын. Ал Атырауда өтетін бокс кеші ол үшін кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жек болмақ.
Сонымен қатар қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Лас-Вегасқа келіп жетті. Ол 10 қазан күні таңертең WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін қорғап қалу үшін аргентиналық Гонсало Кориаға қарсы (16-3, 6 КО) жекпе-жек өткізеді.

"Біз Лас-Вегасқа қазақстандық стильді көрсету үшін келдік. Ертең салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Біз дайынбыз!", - деп жазды Әлімханұлы өзінің твиттер парақшасында.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2019-жылдың қарашасында өткізді. Ол алтыншы раундта Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу