Атыраудан өзге барлық өңірде су тасқынының беті қайтты

549

Су ресурстары және ирригация минитсрлігі еліміздің су қоймаларындағы жағдайды баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атыраудан өзге барлық өңірде су тасқынының беті қайтты Фото: ТЖМ

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 577 см, Атырау облысының Махамбет ауылында 1020 см.

"Қазсушардың" жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысын жалғастырып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 95%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 86,9%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69%-ға толы. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу