Атыраулық 5 жасар шахматшы ел чемпионы атанды

796

Атырауда ең кішкентай шахматшы тұрады. 

Атыраулық 5 жасар шахматшы ел чемпионы атанды Фото: Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Аты-жөні – Санжар Ермек. Жақында ақылдылар ойынына ден қойған ол шахматтың блиц түрінен Қазақстан чемпионы атанды.

Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24 қаңтар мен 2 ақпан аралығында балалар арасында шахматтан ел чемпионаты Шымкент өткен.

"Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам бала қатысты. Атыраулық Санжар Ермек 6 жастағы балалар арасында шахматтың блиц түрінен бақ сынады. Бұл сайыста ол екі жүлдеге ие болды. Шахматтың блиц түрінен ел чемпионы атанды. Ал классикалық шахматтан қола жүлдеге иеленді", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Кішкентай шахматты өткен жылдың сәуір айында ағасы-әпкесімен бірге "Guw chess" шахмат клубына қатыса бастаған. Мұнда жаттықтырушы Диляра Ғабитовадан шахматтың қыр-сырын үйреніп жүр.

"Санжар шахматты қатты ұнатты. Телефондағы ойындарға көңіл аудармайды. Ол 6 айда жақсы нәтиже көрсетіп, 4 және 3 разрядты иеленді. Былтырғы қараша айында 6 жасқа дейін балалар арасында Атырау облысының чемпионы атанып, Қазақстан біріншілігіне жолдама алды. "KSI chess Open" облыстық турнирінің жеңімпазы атанды", - дейді Диляра Ғабитова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу