Трансгендер деп айыпталған атышулы алжирлік боксшы кәсіби боксқа қадам басты

474

Алжирлік боксшы Иман Хелиф Олимпиададағы жетістігінен кейін кәсіби мансабын бастайтынын мәлімдеді.

Трансгендер деп айыпталған атышулы алжирлік боксшы кәсіби боксқа қадам басты Фото: thevoicemag.ru

Францияның L’Équipe басылымының хабарлауынша, 26 жастағы спортшының алғашқы жекпе-жегі 23 сәуір күні Париждегі Ваграм залында өтеді. Кездесуді белгілі промоутер Брахим Аслум ұйымдастырады.

Сондай-ақ Хелиф Франция бокс федерациясынан лицензия алып, бапкер Жон Довимен жұмысын бастағаны белгілі болды.

Еске салайық, Париж Олимпиадасы кезінде Иман Хелиф даулы жағдайдың ортасында қалған еді. 1/8 финалда оның италиялық қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, соққылардың тым ауыр екенін айтқан. Осыдан кейін спортшының жыныстық ерекшелігіне қатысты пікірталас туындады.

Кейінірек Хелиф өз ағзасында ер адамдарға тән белгілердің қалыптасуына әсер ететін SRY гені бар екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу