Атышулы "Бөрте" спектакліндегі бас кейіпкердің сәукелесі 4 млн теңгеге сатылды

1647

Сәукеле бюджет қаржысына тігілген 

Атышулы "Бөрте" спектакліндегі бас кейіпкердің сәукелесі 4 млн теңгеге сатылды

Атышулы "Бөрте" спектакліндегі бас кейіпкердің сәукелесі 4 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

Астана өткен қайырымдылық балы кезінде Түркістан драма театры "Бөрте" спектакліндегі бас кейіпкердің сәукелесін №9 лот ретінде аукционға шығарған. Сәукеленің 4 млн теңгеге сатылғанын театр директоры Айнұр Көпбасарова инстаграм желісінде хабарлады.

"Сәукеле 4 млн теңгеге өтті! Қайырымды жандарға үлкен рахмет", - деп жазды Көпбасарова.

Лот анықтамасында сәукеленің қолдан тігілгені көрсетілген.

"Іші ақ киізден және қатты жақтаудан жасалған. Сыртқы бөлігі жұқа табиғи барқыт және жібек жіптермен әдіптелген. Сәукеле жартылай асыл тастармен кестеленген, тек жібек жіптерді қолданып, күмістен оқаланып тігілген ұзын құлақшамен көмкерілген", - деп жазылған.

"Болашақ" корпоративтік қоры ұйымдастырған қайырымдылық кештен түскен қаржы "Әр бала мектепке баруға лайықты" және "Жол жүру гранттары" қайырымдылық бағдарламаларына жұмсалмақ.

Айта кетелік, "Бөрте" спектаклін қою үшін "Түркістан музыкалық драма театры" МКҚК жалпы сомасы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 246 млн 750 мың теңге шығындаған. Оның ішінде костюмдерге 13 млн 100 мың теңге қарастырылған. Ал бас кейіпкердің костюмі 650 мың теңгеге бағаланса, 10 костюмге 600 мың теңгеден 6 млн теңге есептелген. Басқа кейіпкерлердің 16 бас киімі 200 мың теңгеден 3 млн 200 мың теңгеге бағаланған. Бюджеттен бір спектакльді сахналауға қомақты қаржы бөлінуі қоғамда қызу талқыланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу