Атышулы Иман Хелиф Лос-Анджелесте де алтын алуға ниетті

333

Париж Олимпиадасында басы дауға қалған алжирлік боксшы енді 70 келі салмақта өнер көрсетпек. 

Атышулы Иман Хелиф Лос-Анджелесте де алтын алуға ниетті Фото: rbc.ru

Парижде (Франция) өткен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының бокс турнирінің жеңімпазы, алжирлік Иман Хелиф 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада алдында салмақ дәрежесін өзгертуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

"Менің басты мақсатым – 2028 жылы екінші олимпиадалық алтын медальді жеңіп алу. Сондай-ақ, кәсіби деңгейге дайындық. Бәрін мінсіз жасағым келеді және Парижге қарағанда Лос-Анджелеске әлдеқайда жақсы формада барғым келеді. Себебі қазір менің менталдық және физикалық тепе-теңдігім бұрынғыдан жақсырақ. Маған 70 келі салмақ дәрежесіне көтерілуге тура келеді. Парижде мен 66 келіде жеңіске жеттім және салмақ қосу мен үшін қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Бойым – 180 см. Қазіргі таңда жаңа дивизионға бейімделу үшін командаммен жұмыс істеп жатырмын", – деп келтіреді Хелифтің сөзін Marca басылымы.

Естеріңізге сала кетейік, Хелифтің Олимпиадаға қатысуы кейбір қарсыластарының наразылығын тудырды.

Италиялық боксшы Анджела Карини 1/8 финалдағы жекпе-жектің басында-ақ рингтен кетіп қалды. Ал, Хелифке трансгендер деген айып тағылып, боксшының басы дауға қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу