ТАСС басылымының жазуынша, Путин Жеңіс күні қарсаңында атысты тоқтатуға дайын отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Ресей президенті Владимир Путин америка көшбасшысы Дональд Трамппен бір жарым сағаттан аса уақыт телефон арқылы сөйлескен.
Юрий Ушаковтың сөзінше, Украинадағы келісім аясында Америка президенті де соғыс қимылдарын тез арада тоқтатудың маңыздылығын түсінеді және мұны барлық мүмкін жолмен жеңілдетуге дайын. Яғни, АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинге Украинадағы қақтығысты шешу туралы келісімге қол жеткізу кезеңі жақын екенін айтқан.
Ресей мен АҚШ президенттері 2025 жылдың басында Трамп Ақ үйге қайта келгеннен бері 12-ші рет телефон арқылы тілдесті. Олар бұған дейін 9 наурызда ғана телефон арқылы сөйлескен еді.