Ауғандық студент қыздар алғаш рет Қазақстанда білім алады

3188

Еуропалық одақ қаржыландыратын жоба осы жылдың қазан айында бастау алады.

Ауғандық студент қыздар алғаш рет Қазақстанда білім алады

Еуропалық Одақ қаржыландыратын және БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асыратын "Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және кәсіби даярлау арқылы ауған әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту" жобасы шеңберінде БҰҰ Даму бағдарламасы мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ арасында серіктестік жөніндегі келісім жасалды.

"Еуропалық Одақ ауған әйелдердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, олар үшін және олардың Ауғанстандағы туған-туыстары үшін бизнес жүргізу мен жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін құруға көмектесуге арналған жобаға 2 млн еуро көлемінде грант ұсынды. "Болашақ" – ұлттық мекеменің сенім білдірілген Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарып отырған әйгілі бағдарлама. Қазақстан үкіметінің атынан Халықаралық бағдарламалар орталығына қазақстандық студенттердің шет елде, шетелдік студенттердің Қазақстанда білім алуына ықпал жасау тапсырылған. Біз өзіміздің Қазақстанда халықаралық алмасу бағдарламаларын қолдау бойынша тәжірибесі мол Қазақстандағы серіктесіміз Халықаралық бағдарламалар орталығы осы жоба шеңберінде ауған студенттері үшін академиялық орналасу мен оқыту үдерісін ретке келтіруге көмектесетініне сенеміз", – деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Орталық үміткерлерді іріктеу, тілдік курстарды жүргізу және оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу жұмыстарымен айналысып, жобаның іске асырылуына техникалық, сараптамалық және талдамалық қолдау көрсетеді.

"Біз үшін бұл жобаның іске асырылуына қатысу үлкен абырой. Бұл Еуроодақ пен БҰҰ Даму бағдарламасы тарапынан білдірілген жоғары сенім. Халықаралық бағдарламалар орталығының халықаралық білім беру саласындағы тәжірибесі мол. Біз ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Қазақстан Республикасында Ауғанстан әйелдерінің білім алуы бойынша бағдарламаға құжаттар қабылдау басталды және 10 тамызға дейін жалғасады. Бірлескен жұмыс оң нәтиже береді деп ойлаймын", – дейді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

Жобаға Ауғанстаннан 50 адам қатысады. Оның ішінде 40 адам Қазақстанда бакалавриат (4 жыл), манистратура (1 жыл) және кәсіби даярлық (TVET - Technical and Vocational Education and Training) бағдарламалары бойынша білім алатын болады. Осы ретте TVET бағдарламасы қатысушылардың одан әрі қажетті білім мен дағдыларды алуына бағытталған бір жылдық курстарды ұсынады. Академиялық бағдарламаларға теориялық аспектілерді тереңінен зерттеу, сондай-ақ өндірісте тәжірибелік дағдыларды алу жатады.

Оқу ағылшын тілінде мына мамандықтар бойынша өтетін болады: статистика (statistics), пайдалы қазбалар өндіру (mining) және ауыл шаруашылығы (agriculture).

Барлық білім алушылар үшін тілдік курстардан өту қарастырылған. Олардың ұзақтығы 1 академиялық жылды құрайды (2019-2020 жж.). Барлық оқу деңгейі (бакалавриат, магистратура, TVET) бойынша жоба аясындағы академиялық оқудың басталуы 2020 жылғы қыркүйекке жоспарланған.

Ауған студенттерін орналастыру жоспарланып отырған жоғары оқу орындары ретінде Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті және Almaty Management University болып белгіленді.

Жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу