Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында атыс тоқтады

399

Екі тарап бір-бірін шиеленісті күшейтті деп айыптады. 

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында атыс тоқтады Фото: газета.ру

Атысты тоқтату 15 қазаннан Исламабад уақытымен 18:00-ден бастап (Астана уақыты бойынша) күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі екі тараптың диалог арқылы осы күрделі мәселенің оң шешімін табу үшін бар күш-жігерін салатынын айтты. Бір апта бұрын екі ел арасындағы шиеленіс күшейіп, шекарада қарулы қақтығыс болды.

12 қазанда Кабул Қатар мен Сауд Арабиясының өтініші бойынша шабуылдарды тоқтатқанын мәлімдеді. Алайда Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында жаңа әскери қақтығыстар басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу