АЗЕРТАДЖ-дың жазуынша, музыкалық аспаптардың жойылуының өз себебі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Билік өкілдері "моральды бұзатын құралдар" Парван провинциясының тұрғындарынан тәркіленгенін мәлім етті.
Министрлік департаменті 500-ден астам музыкалық аспап пен "соған ұқсас заттардың" жойылғанын хабардар етіп отыр.
Өз кезегінде департамент басшысы Макбуль Ахмад Вакас бұл заттардың барлығы жергілікті тұрғындар тарапынан би мен мерекелік іс-шараларда қолданылғанын айтқан.
Pajhwok агенттігінің дерегіне сай, олар соңғы бір жыл аралығында Чарикар қаласы мен провинция аудандарында жиналған.
Аталған акция әзірше "жамандықпен күрес жөніндегі үздіксіз шаралардың" бір бөлігі екені туралы деректер бар.