Ауқатты қазақстандықтың байлығы бюджеттің шығындарын 33 күн бойына жаба алады

4106

Bloomberg елдің шығындарын оның ең ауқатты азаматының байлығымен салыстыратын дәстүрлі "Робин Гуд индексін" жасады.

Ауқатты қазақстандықтың байлығы бюджеттің шығындарын 33 күн бойына жаба алады

Егер Қазақстан үкіметі өзінің барлық ақша ресурсын тауысатын болса, онда оған Робин Гуд ретінде елдің ең ауқатты азаматы көмекке келер еді. Яғни ол өзінің барлық мүлкін сарп ететін болса, онда оның байлығы 33 күн бойына үкімет шығындарын жабуға жетеді. Аbctv.kz көз жүгірткен Bloomberg-тің осы жылғы "Робин Гуд индексі" нәтижесі осындай болып отыр.

Агенттіктің мәліметі бойынша, тап қазіргі уақытта ең ауқатты қазақстандық Болат Өтемұратов. Оның байлығы 3,3 млрд доллар деп бағаланған. Есептеу барысында индекс авторлары  халықаралық валюта қорының (МҺХВҚ) мәліметі бойынша берілген үкіметтің жылдық шығынын қолданған. Қазақстанның мемлекеттік шығындары елдің ЖІӨ-нен (170,3 млрд доллар) 21,7%-ды құрайды, бұл қайта есептеуде 37 млрд долларға жуық сан. Осыған қарап, Болат Өтемұратовтың байлығы үкімет шығындарын 33 күн бойы жаба алады деуге болады. Бұл агенттік сарапшыларымен қамтылған елдер арасындағы орташа көрсеткіш.

Жалпы индексте 49 ел көрсетілген, оның ішіндегі тек төрт елдің ең бай адамы – әйелдер. Олар Ангола, Аустралия, Чили және Нидерланд елдерінің ауқатты адамдары. Индекске сенер болсақ, әлемдегі ең бай үкімет – Қытай, Жапония және Польша. Бұл елдердің ең ауқатты азаматтарының байлығы, нақтырақ айтсақ, Джек Маның байлығы - 45,5 млрд доллар, Тадаси Янанидікі - 20,6 млрд доллар, Зигмунд Соларц-Зактың байлығы - 2,7 млрд доллар.

Керісінше, Кипрдың ең бай адамы Джон Фредиксен (10,4 млрд доллар) мен Грузияның бақ-қуатты адамы Бидзин Иванишвилидің (5,8 млрд доллар) байлығы өз елдерін 441 және 430 күн асырауға жетер еді. Осы арада бұл елдердің жылдық шығындары ХВҚ-ның бағалауы бойынша 8,6 және 4,9  млрд доллар болып отыр.

Ресейдің ең бай адамы Алексей Мордашевтың байлығы Ресейдің екі апталық шығынын жабуға жетеді. Таяу шетелдер арасында Қазақстанның көрсеткішіне жақын көрсеткіш Укрианада. Бұл елдің ең ауқатты азаматы Ринат Ахметовтың активтері Украина үкіметінің шығындарын 36 күн бойы жауып тұруға жетеді.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов ​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу