Аукцион: 8 мұнай кеніші 9,3 млрд теңгеге сатылды

3208

Бұл жолғы электронды аукцион 7 сағатқа созылды.  

Аукцион: 8 мұнай кеніші 9,3 млрд теңгеге сатылды

Энергетика министрлігі 8 бірдей көмірсутек кенішін пайдалану құқығын беретін екінші электрондық аукцион өткізді, - деп хабарлайды Inbusines.kz тілшісі.

www.gosreestr.kz сайты арқылы өткен аукцион   сағат 10:00-де басталып, 17:00-де аяқталды. Энергетика министрлігі YouTube арқылы аукционның тікелей көрсетілімін ұйымдастырды.

Мұндай электронды аукцион алғаш рет былтыр 23 желтоқсанда 10 учаске бойынша өткізілген болатын. Ал бүгінгі аукцион туралы алғашқы мәлімет Энергетика министрлігінің сайтына 23 қаңтарда жарияланып, 15 уческе саудаға шығатыны айтылған еді.

Шешуші сәт келгенде тізімдегі 15 учаскенің жетеуі түсіп қалды. Министрлік мамандары аталмыш 7 учаске бойынша аукционға қатыстықы келетін үміткерлер болмағанын айтып отыр.

"Қалған 7 уческе бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді", - деп жазылған ресми сайтта.

Осылайша 7 сағатқа созылған аукцион нәтижесінде саудаға қойылған 8 учаске де бастапқы бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатылды. Тек Ақтөбе облысындағы Жаңатаң кен орны  бастапқы бағасынан 3 мың теңге ғана қымбатқа  (82 850 000) сатылды.

Ең қымбатқа сатылған учаске де Ақтөбе облысында.  Ауданы 3,79 шаршы шақырым болатын Қаратөбе кен орнын барлауға  өндіру кезеңмен қосқанда  25 жыл беріліп отыр. Нысанның аукциондағы бастапқы бағасы 492 183 942 деп белгіленген болатын. Аукцион аяғында 3 965 863 262.72 теңге болып тоқтады.

Аукцион қорытындысы бойынша қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 9,3 миллиард теңгені құрады. Ал бастапқы сома 713 млн теңге болатын.

Энергетика министрлігі аукцион нәтижесі жерге меншік құқығын бермейтінін, тек жер қойнауын пайдалану құқығын ғана ұсынатынын ескертіп отыр.  

Енді жеңімпаз болған компаниялар жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа  қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.

Аукционның толық қорытындысын мына кестеден көруге болады:

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу