Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендер жаңа үй немесе өтемақы ала алады

1561

Жаңа үй немесе өтемақы – өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға таңдау ұсынылды.

Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендер жаңа үй немесе өтемақы ала алады

"Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындар уақытша тұрып жатқан мектепке барды. Аймақ басшысы зардап шеккендердің жаңа үй немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады", – деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, алапат өртке байланысты Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Жергілікті құзырлы орган мәліметінше, әкімдік резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда қызыл жалын шарпыған аумақтардан 1 800-ден астам адам эвакуацияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу