Аустралиада алты спортшымызға сенім артамыз

2088

"Үлкен дулыға" санатына жататын "Аустралиан Оупен" теннис додасы басталды. Биыл бұл жарысқа Қазақстан атынан 6 теннисші қатысатын болды. 

Аустралиада алты спортшымызға сенім артамыз

Ерлер арасында Александр Бублик, Михаил Кукушкин және Дмитрий Попко бақ сынайды. Ал қыздар сайысында Елена Рыбакина, Юлия Путинецева және Зарина Диастар күш сынасады. Дмитрий Попко алғашқы айналымда Маврикия елінің теннисшісі Енцо Кукомен кездеседі. Ал қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Александр Бублик аустралиялық Джордан Томпсонмен ойнаса, Михаил Кукушкин де жергілікті теннисші Марк Полманспен күш сынасады.

Қазақ теннисінің көгіне жарқырап шыққан Елена Рыбакина қыздар сайысының алғашқы айналымында АҚШ намысын қорғайтын Бернарда Перамен ұшырасады. Юлия Путинцева тәжірибиелі Су-Вэй Сэ есімді Тайвань елінің тенисшісімен ракетка түйістіреді. Ал жарыстағы жалғыз қара көзіміз Зарина Диасқа жеребе америкалық Аманда Анисимованы қарсылас қылды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу